Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры

       10 қазан күні аудандық орталық кітапхана және № 2 Бадамша орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі И.Сакауовтың ұйымдастыруымен ҚР Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры» тақырыбында ерлік сағаты ұйымдастырылды.
Шарада аудандық орталық кітапхана қызметкері Мәтбаева Н. Р.Қошқарбаевтың өмір жолы мен ерлігі туралы мәліметтермен таныстырып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Бейнеролик көрсетілді.
Шараға шақырылған қонақтар еңбек ардагерлері Омаров Сүлеймен ағай мен Бисенов Сабыржан ағай жастарға соғыс тарихы мен қазақтан шыққан қаһармандар туралы, бүгінгі бейбіт күннің қадірі туралы әңгімелеп берді.
Музей қызметкері Гусманова З. тақырыпқа сай қойылған музей экспонаттарына шолу жасады. Оқушылар Р.Қошқарбаевтың ерлігі туралы өлеңдерді кезекпен оқыды. Және Калашников автоматын қысқа уақытта шашып-жинау тәсілдерін көрсетті.

Қосымша ақпарат көздері