«Зорлық-зомбылық, бопсалау,буллингты» алдын алу

Оқушылар арасында өткізілген « Зорлық-зомбылық, бопсалау,буллинг»

сауалнамасы   нәтижесінде  педагог-психолог  И.Шамилова,  әлеуметтік педагог Уксукбаева З.Е., ДТІЖ орынбасарлары Мұхтар Б.А.Мусабекова Р.Н. бірлесіп  7-11 сыныптар арасында  профилактика  жүргізілді.

 Мектеп қабырғасында өзі немесе басқа бала қысымға ұшыраса не істеу қажет екенін, көмекке кімге жүгінуге болатындығы туралы, сонымен бірге баланың өзі агрессорға айналып кетпес үшін, айналасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру қажеттілігі айтылды. Мектептегі буллингтің барлық балалар үшін жағымсыз салдарға алып келетінін жеткізді. Сондай-ақ отбасындағы тәрбиенің де баланың өсіп-жетілуіне, оның үйден шыққандағы әрекетіне толық әсер ететіндігі бойынша тоқталды. Бірлесіп балалар арасындағы қудалау мен қысымды азайта аламыз деп ойларын білдірді.

 «Буллинг деген не? Оны қалай танып білуге болады» тақырыбында видеоролик көрсетілді.Оқушыларға «Сенім телефоны», «Сенім жәшігі» , «КIVa буллингке қарсы бағдарлама туралы» тағы да   ақпараттар  берілді.

Қосымша ақпарат көздері