“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “ Даналық мектебі” жобасы аясында,оқушылардың күзгі демалысында 2024-жылдың 29-қазан күні майталман ұстаз,ардагер, ұлағатты тәлімгер,2003-2014 жылдары мектебіміздің директоры болған және матетатика пәні мұғалімінің қызметін атқарған Мухамбетжанова Гульшад Иксанбековнаның 70-жылдығына байланысты еске алу мақсатында 5-7 класс аралығында математикалық турнир өткізілді. Іс-шараға Гульшад Инсанбекқызының балалары, бауырлары қатысты. Жүлделі орындарға туыстарының атынан ақшалай сыйлықтар берілді. Сонымен қатар азқамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық ретінде көмек көрсетілді .




