Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай мектеп кітапханасы және “Балалар кітапханасы” жобасының жоспары аясында “Абай -дана,Абай -дара қазақта” атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты — оқушыларды Абайдың алуан қырлы шығармашылығымен таныстыру. Сайысқа мектебіміздің 2-4сынып аралығында оқитын 16 оқушысы қатысып, Абайдың өлеңдері мен аудармаларын жатқа ұсынды. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
