23 қазан күні
№2 Бадамша орта мектебінде Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында 8–10-сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, әскери дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жарыс барысында қатысушылар дене дайындығы, қол күрес, бір орында тұрып ұзындыққа секіру, кедергіден өту, сондай-ақ қаруды бөлшектеу және жинау бағыттарында өзара сайысты.
Нәтижесінде үздік көрсеткіш көрсеткен оқушылар грамоталармен марапатталды.
Бұл шара оқушылардың бойында ерік-жігер, тәртіп пен ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәжірибелік іс болды.
👨✈️ Іс-шараның ұйымдастырушысы – әскери жетекші И. Сакауов.
#RepublicDay , #25Қазан #Декларация35жыл #RepublicDayAktobe2025 , #25ҚазанАқтөбе, #Декларация35жылАқтөбе
