«Жас ұлан»    

25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде ерекше мәні бар «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5-сынып оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны өтті.

✨Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін арттыру.

✨Салтанатты жиынның құрметті қонақтары ретінде ардагер ұстаз Қ. Шайжанова және Жастар ресурстық орталығының басшысы М. Жұбан қатысып, жас ұландарға өздерінің ақ тілектерін білдірді.

Оқушылар «Жас ұлан» антын қабылдап, еліміздің адал да білімді, белсенді азаматы болуға ант берді.

Мерекелік іс-шара көтеріңкі көңіл күйде, патриоттық әндермен және құттықтау сөздерімен жалғасты.

#RepublicDay , #25Қазан #Декларация35жыл #RepublicDayAktobe2025 , #25ҚазанАқтөбе, #Декларация35жылАқтөбе

Қосымша ақпарат көздері