№2 Бадамша орта мектебінде 2025-2026 жаңа оқу жылының басталуына арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтті.Шараға дәстүрге сай 1 және 11-сынып оқушылары қатысты.
⠀
Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген қадірлі қонақтар:
🔹 Қарғалы аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Аймағамбетов Сәкен Жанабергенұлы – жас түлектер мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдіріп, оқу жолында табыс тіледі.
🔹 Ардагер ұстаз Ерниязова Ақкүміс апай – жүрекжарды тілегін арнап, шәкірттерге ақ жол тіледі.
🔹 Мектеп директоры Айна Ертаевна – оқу жылының мақсат-міндеттерімен бөлісіп, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.
⠀
🎓 Алғашқы қоңырау – білімге бастар жарқын жолдың символы. Жаңа оқу жылы әр бала үшін табысты, шабытты болсын!
