Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойы

Бүгін, 12 желтоқсан күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай «№ 2 Бадамша орта мектебі» КММ-де әйгілі әдебиетші‑ғалым, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші өтті.

Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, аудандық балалар кітапханасының қызметкері Жылқыбаева Гүлзира Қаратқызы жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы ерліктерін таныстырды.

Сондай-ақ Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының түлегі, Қарғалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Тыныштық Нұрсұлтан аталған оқу орны туралы мәлімет беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Әскери жетекші И.Сакауов

Қосымша ақпарат көздері