«Аспаздық іс» бейіндік тобының жоспарына сәйкес қыздар арасында “FOOD BATTLE” сайысы өтті

№2 Бадамша орта мектебінде «Аспаздық іс» бейіндік тобының жоспарына сәйкес қыздар арасында “FOOD BATTLE” сайысы өтті 👩‍🍳🔥
Сайысқа 3 команда қатысты:
✨2 команда – №2 Бадамша орта мектебінің өнерлі қыздары;
✨1 команда – серіктес Бадамша агротехникалық колледжінің белсенді қыздары.
Байқау 2 кезеңнен тұрды:
📌 І кезең – Quiz
Қатысушылар аспаздыққа қатысты сұрақтарға жауап беріп, теориялық білімдерін көрсетті.

📌 ІІ кезең – салат дайындау және коктейль жасау
Командалар өздерінің креативтілігі мен талғамын, дәм мен әсемдіктің үйлесімін дәлелдеді.

Сайыс өте қызықты, тартысты әрі достық атмосферада өтті. Қыздар өзара тәжірибе алмасып, командалық жұмыстың маңыздылығын көрсетті 💫

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен Жастар ресурстық орталығына шексіз алғысымызды білдіреміз 🙏
✨ Барлық қатысушыларға сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз! ✨

Қосымша ақпарат көздері