«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Бүгін мамандығым – мақтанышым» атты түлектермен кездесу кеші жоғары деңгейде өтті.
Кездесу кешінің мақсаты – жас ұрпаққа адал еңбек, саналы таңдау, табандылық пен кәсіби жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, түлектердің өмірлік тәжірибесі арқылы оқушыларды болашақ мамандыққа бағыттау.
Іс-шараға 2020, 2023, 2024, 2025 оқу жылдарын тәмамдаған мектеп түлектері қатысып, өздерінің мамандық таңдаудағы шешімдері, жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Еркін форматта өткен сұхбат жасөспірімдерге ерекше мотивация сыйлап, мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
