Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай “Оратор KZ” дебат клубының ұйымдастыруымен “Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” тақырыбында пікірсайыс өтті.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінігін кеңейту және жас буынды адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, маңызды қоғамдық мәселелерді талқылап, сыни ойлау және шешендік дағдыларын шыңдады.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, әділдік пен ашықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
#АдалұрпақАқтөбе

Қосымша ақпарат көздері