Жаңа жыл – қуаныш пен ғажайыпқа толы мереке!
Мектебімізде 1–4 сынып оқушыларына арналған Жаңа жылдық ертеңгіліктер өтуде.Әсем безендірілген зал, ертегі кейіпкерлері, көңілді ән-билер мен шаттыққа толы ойындар балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кішкентай өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алды. Бұл мереке оқушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды ✨
