8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастыруымен аналарына арналған «Әлемнің нұры – Ана» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Шара барысында оқушылар аналарына деген шексіз сүйіспеншіліктерін өлең жолдары, ән мен би арқылы жеткізді. Балалардың жүрекжарды тілектері мен әсерлі өнерлері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік кеште аналарға құрмет көрсетіліп, олардың мейірімі мен қамқорлығы туралы жылы лебіздер айтылды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың анаға деген құрметін арттырып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге үлкен үлес қосады.
🌷 Барша аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
