“Көктем аруы – 2026” байқауы 🌸

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебімізде 5–7 сынып қыздары арасында “Көктем аруы – 2026” атты ерекше байқау ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – қыздардың өнерін, таланты мен шығармашылығын таныту, олардың сахна мәдениетін қалыптастыру және көктемнің нәзіктігі мен сұлулығын дәріптеу.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
✨ Таныстыру – қатысушылар өздерін ерекше әрі қызықты түрде таныстырды.
🎤 Өз өнері – қыздар ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық өнерлерін көрсетті.
👗 Дефиле – көктемгі сән үлгілерін көрсетіп, сахнада әсем жүріспен өнер көрсетті.
Қатысушылар өздерінің тапқырлығымен, өнерімен және әдемілігімен көрермендерді тәнті етті. Байқау өте тартымды әрі әсерлі өтті.

Қосымша ақпарат көздері