Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні 9–11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Жыл оқушысы – 2026» байқауы өтті. Бұл білім мен тапқырлықты, логика мен жылдам ойлауды ұштастыратын ерекше дода болды.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар тест сұрақтарына жауап беріп, өз білім деңгейлерін көрсетті. Бұл бөлімде әр оқушы пәндер бойынша терең дайындықтарын дәлелдеуге тырысты.
Екінші кезең – зияткерлік ойын – нағыз тартысқа толы болды. Мұнда оқушылар жылдам шешім қабылдап, тапқырлық пен креативті ойлау қабілеттерін көрсетті. Қызықты сұрақтар мен ерекше тапсырмалар қатысушылардың қызығушылығын арттырып, көрермендерге де ерекше әсер сыйлады.
«Жыл оқушысы – 2026» байқауы тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың жан-жақты дамуына, өз-өзін көрсетуіне мүмкіндік беретін алаң болды. Осындай іс-шаралар жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, болашаққа сенімді қадам жасауына жол ашады.
