7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай тағылымды кездесу өтті

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай тағылымды кездесу өтті
Мектебімізде 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай “Мен таңдаған жол” тақырыбында ауданымыздың жас спортшыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің құрметті қонақтары – мектебіміздің мақтанышы, жас спортшылар, мектеп түлектері Жолдасов Дулат пен Бисембаева Зере болды.
Кездесу барысында қонақтар өздерінің спортқа келу жолдары, жетістікке жетудегі табандылықтары мен еңбекқорлықтары туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Олар спортты таңдаудағы себептерін айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, өздерінің түрлі деңгейдегі жарыстарда жеткен жетістіктерін атап өтіп, әрбір жеңістің артында үлкен еңбек пен төзімділік жатқанын жеткізді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Бұл кездесу жас ұрпаққа үлкен мотивация беріп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Осындай тағылымды шаралар оқушыларды мақсат қоя білуге, өз жолын табуға және салауатты өмір салтын ұстануға жетелейді.
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!
🏆 Әрбір жас өз жолын дұрыс таңдап, биік белестерді бағындырсын!

Қосымша ақпарат көздері