«Отбасылық тандем» атты ана мен қыз арасындағы сайыс өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде «Отбасылық тандем» атты ана мен қыз арасындағы сайыс өтті. Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Сайысқа 5-сынып оқушылары аналарымен бірге қатысты. Байқаудың мақсаты – ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сайыс үш кезеңнен тұрды:
Таныстыру кезеңі – қатысушылар өздерін және отбасын таныстырды.
Сұрақ-жауап кезеңі – ана мен қыз куйз ойының сұрақтарына жауап берді.
Шеберлік кезеңі – қатысушылар мерекелік ашық хат жасап, шығармашылықтарын көрсетті.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, өзара қолдау мен ұйымшылдық көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар марапатталды.

Қосымша ақпарат көздері