«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған, бір апта бойы өткен «Оқушы – ұстаз – ата-ана» спорттық спартакиадасы өз мәресіне жетті.
✨Тартысты бәсекеде белсенділік танытып, ұйымшылдық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсеткен ата-аналар мектеп директорының Алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
✨Оқушыларға өнеге болып жүрген ата-аналарға арналған «Үлгі болған ата-ана» мерекелік кешінде табысталған бұл марапат — тек жеңістің ғана емес, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі.
Мектеп әкімшілігі белсенділік танытып, қолдау көрсеткен барлық ата-аналарға шынайы алғысын білдіреді.
✨Сонымен қатар «Мерей» сауықтыру орталығы демеушілік көрсетіп, ізгі ниет пен жанашырлықтың жарқын үлгісін танытқаныңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қолдауыңыз — қамқорлықтың, сенім мен жақсылықтың белгісі.
Бірлік бар жерде – жеңіс бар! 🏆
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
