«Ауғанның от жалыны»

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 12 ақпан күні Ауған соғысының аяқталғанына 37 жыл толуына орай мектебімізде «Ауғанның от жалыны» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Кездесуге ардагерлер Тастемиров Бауыржан Зарлыкович және Жүзбаев Ғарифолла Тілеуғабылович қатысып, оқушылармен тағылымды сұхбат құрды. Олар Ауған жеріндегі қызметтері туралы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпақты Отанды сүюге, елге адал қызмет етуге шақырды.

Іс-шара барысында мұражай қызметкері Тасымова Қ.С. Қарғалы ауданынан Ауған соғысына қатысқан азаматтар туралы тарихи мәліметтер берді. Сонымен қатар, әскери жәдігерлер көрсетіліп, оқушыларға сол кезеңнің тарихи көрінісі таныстырылды.
Қарғалы аудандық орталық кітапхананың қызметкері Жылқыбаева Г.Қ. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер туралы жазылған кітаптарды ұсынып, тақырыптық көрме ұйымдастырды.

Кездесу жас буынның патриоттық сезімін арттырып, ерлікке тағзым етуге бағытталған тағылымды шара болды.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!

@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие

Қосымша ақпарат көздері