✨Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы «№2 Бадамша орта мектебі» КММ-де “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Үздік сынып жетекші» мектепішілік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәрбие жұмысындағы үздік тәжірибелерді насихаттау және шығармашылық ізденістерін қолдау. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің тәрбие жұмысы бойынша жетістіктерін таныстырып, ашық тәрбие сағаттарының үзінділерін көрсетіп, түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындады.
🎉Әділқазылар алқасы сайыскерлердің педагогикалық шеберлігіне, жаңашылдығына, оқушылармен жұмыс жүргізу тәсілдеріне және жалпы сахналық мәдениетіне баға берді. Байқау нәтижесінде үздік деп танылған 8ә сынып жетекшісі Алтынбай Айдана 🥇орын, Тапаева Гулбану 🥈орын, Курбанбаева Венера 🥉орынмен марапатталып, Жалгасбаева Малика “ Шығармашыл сынып жетекші“ номинациясы берілді.
📌Бұл сайыс сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуына, кәсіби өсуіне және мектептегі тәрбие жұмысының сапасын арттыруға оң ықпал етті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
