Мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына — 95 жыл толуына орай “Жырлайды жүрек” атты байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты, артына айырықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы білімалушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Білімгерлеріміз ақынның сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жүрекжарды жырларын тебірене оқыды. Ақынның жолын қуған ақынжанды оқушылар да өз жүректерінен шыққан арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ ақынға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.Поэзия байқауы мазмұнды да әсерлі өтіп, қатысушылардың өнеріне әділ қазылар алқасы тарапынан лайықты бағалар берілді.
#балаларкітапханасы
#ktaphana_bom2
