Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Білім бәйгесі» атты интеллектуалдық сайыс жоғары деңгейде өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды оқушыларды анықтау болды.«Білім бәйгесі» интеллектуалдық сайысы оқушылардың білімін шыңдап қана қоймай, достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді. Осындай мазмұнды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
