Мұғалімдер арасындағы дебат турнирі өтті

“Ғылыммен танылып, заңмен қорғаламыз” апталығы аясында биология, химия, Қазақстан тарихы, құқық негіздері және география пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі жыл сайынғы мұғалімдер арасындағы дебат турнирі жоғары деңгейде өтті!
Пікір мен парасат сынға түскен білім додасына 8 топ қатысып, өздерінің білімдерін, шешендік шеберліктерін және құқықтық сауаттылықтарын көрсетті. Әр команда өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, ғылым мен заңның маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетті.
🏆 Турнир қорытындысы бойынша :
1- орын “NOМиф”фракциясы Көшкинбаева Ф. Қартбаева Г.
2- орын “Дара ой” фракциясы Курбанбаева В, Серикова Г.
3- орын “Тіл көшбасшылары” фракциясы Казихан Е, Алтынбай А.
Жеңімпаз командалар мектеп кәсіподағы атынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

✨ Осындай білім мен бірлікті ұштастырған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады!

Қосымша ақпарат көздері