Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы «№2 Бадамша орта мектебі» КММ-де оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Алау» спорттық сайысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Спорттық сайысқа мектептің 7-9 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын және командалық бірліктерін көрсетті.
Бағдарлама аясында:
Садақ ату
* биатлон жарыстары
* көкпар
* Туды іздеу
* хоккей командалық ойындар ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті. Әр кезеңде әділқазылар алқасы нәтижелерді саралап, жеңімпаз командаларды анықтады.
Жарыс соңында үздік өнер көрсеткен командалар мен белсенді қатысушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Осындай спорттық шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойында табандылық, жауапкершілік және жеңіске деген жігер қалыптастырады.
🔥 «Алау» спорттық сайысы – бірлік пен белсенділіктің жарқын көрінісі болды! Ұйымдастырушы: АӘТД пәні мұғалімі:Сакауов И.Б.
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
