Алғыс айту – парызым» челленджі ✨
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 7 «Ә» сынып оқушылары «Алғыс айту – парызым» челленджі аясында полиция қызметкерлеріне арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
👮♂️ Ел тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті сақтап жүрген тәртіп сақшыларына оқушылар жүрекжарды алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Бұл – жас ұрпақтың елге қызмет ететін жандарға деген құрметі мен ризашылығының белгісі. Себебі қауіпсіз қоғам – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі.
💙 Құрметті полиция қызметкерлері!
Еңбектеріңіз еленіп, мәртебелеріңіз арта берсін! Денсаулық, табыс және отбастарыңызға амандық тілейміз!
#АлғысАйтуКүні
#АлғысАйтуПарызым
@kargala_polisia
#Деньблагодарности
