«Таза Қазақстан» – игі істер бастауы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебіміздің түлектері класс жетекшісімен бірге мектеп ауласына алма ағашын отырғызды .
Бұл бастама – табиғатты аялаудың, туған мектепке деген құрметтің және болашаққа деген сенімнің жарқын көрінісі. Түлектер мектеп ауласын абаттандыруға өз үлестерін қосып, арттарынан із қалдырды.
Отырғызылған әрбір көшет – жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігінің белгісі. Ертең бұл ағаш жайқалып өсіп, бүгінгі естеліктерді жаңғыртып тұратыны сөзсіз.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
#ТазаҚазақстанАқтөбе2026
