Құқық бұзушылықты  алдын алу мақсатында 9-11 класс оқушыларымен аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Д.М.Бекжан және оның орынбасарлары келіп, жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік шаралары мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Сонымен қатар, жаз мезгілі кезінде жол-көлік қауіпсіздіктерін сақтамай жасөспірімдер арасында көлік жүргізу, мотоцикл және мопед айдау туралы заңсыз әрекеттер жасайтындары және ол үшін ата-анасына айыппұл салынатынын да  ескертті. Жасөспірімдер арасында құқык бұзушылықтар  мен қауіпсіздік шараларын жасағаны үшін ата-анасы жауапты екенін де айтып түсіндірді. Оқушылар өздеріне қажетті ақпараттар алып, сұрақтар мен ұсыныстарын ортаға сала білді.

Қосымша ақпарат көздері