ХАБАРЛАНДЫРУ

«№2 Бадамша орта мектебі» КММ-сі  Қамқоршылық кеңесінің  жаңа  құрамын сайлауға  конкурс жариялайды. 2023 жылдың 9 қазаннан 20 қазанына дейін құжаттарды қабылданады.

Қамқоршылық кеңесті сайлау туралы хабарландыру және оның құрамына үміткерлерді қабылдау ұсыныстарын көрсетілген мерзімде Комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер кәсіби (немесе) әлеуметтік қызмет туралы қосымша ақпарат береді.

Мекен-жайымыз:  «№2 Бадамша орта мектебі» КММ-сі   Жангелді  7

Қосымша ақпарат көздері