Мемлекет басшысының еліміздегі отбасыларға көмек көрсетуді тиімді ұйымдастыру, балалардың құқықтарын бұзудың алдын алу және зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі – БҚЖУ) Д.Б. Зәкиева Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығын – сенім телефонын іске қосу жөнінде жұмыс жүргізді.
Бұл байланыс орталығы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының жетекшілігімен жүзеге асырылады және бірқатар мемлекеттік органдардың азаматтарға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде азаматтардың отбасы және бала құқықтарына қатысты сауаттылығын арттыру және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін ақпараттық қолдау мақсатында ұсынылып отырған медиа-жоспарды келісіп, мемлекеттік органдарға сапалы іске асыру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз.
Мәдениет және ақпарат, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бірлесіп, үш күн мерзімде байланыс орталығын ілгерілету және оны іске қосу (логотипі, БАҚ-ты тарту, жетекші ақпараттық ресурстарда орналастыру) бойынша ақпараттық жұмысты әзірлеу;
Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне бір ай мерзімде байланыс орталығы туралы ақпаратты мектептердің, жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстарында, білім ұйымдарының ғимараттарында орналастыруды қамтамасыз ету;
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктеріне бір ай мерзімде ақпараттық материалдарды өңірлік БАҚ-та жариялауды, қоғамдық көлікте, сыртқы жарнама құралдарына орналастыру мен таратуды тапсыру ұсынылады.
Атқарылған жұмыстың нәтижесін 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Коммуникациялар бөліміне енгізу сұралады.
Сіздің қарауыңызға енгізіледі.