«Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасының жай-күйімен танысу мақсатында
«№2 Бадамша орта мектебі» КММ-де Ұлттық білім академиясының ШЖМ зертханасының меңгерушісі Айжан Мамановнаның басшылығымен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының мамандары, Қарғалы АББ басшысы, әдістемелік кабинет меңгерушісі, тірек және магниттік мектеп басшылары, онлайн педагогтер және онлайн педагог-ассистенттерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде онлайн оқытуды ұйымдастырушылық сұрақтар, онлайн педагог пен онлайн педагог ассистентінің бірлескен жұмысы, цифрлық ресурстардың тиімді пайдаланылуы және білім алушылардың ақпараттық жүйеге және электрондық сабақ кестесіне, электронды журналға, цифрлық ресурстарға қолжетімділігі жөніндегі сұрақтар зерделенді.



