Республика күні қарсаңында мектебіміздің 11а класс оқушысы, «Жасұлан» ұйымының лидері , жас патриот Есболғанова Нұршат Нұрланқызы жас патриоттардың республикалық «Қазақстан-алтын ұя,бесігім» слетіне қатысты.Бұл шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген патриоттар 2 күн бойы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру кешенінде түрлі шараларға атсалыса қатысты.Отансүйгіш патриоттармен Нұршат Бурабайдың сұлу,көрікті жерімен танысып,патриоттық құндылықты дамытуға қажетті белсенді қызметтері туралы есептерімен таныстырды. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрімен,мектеп директорларымен кездесіп сауалдарына жауап алды. Нұршаттың анасы патриот оқушы тәрбиелегені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

