Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы — жанұясы.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы — жанұясы. Жанұялық тәрбие ата — анамен бала арасындағы қарым — қатынастық жүйе. Олай болса, ата — ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан — жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл — Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата — ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана алдында нәзік те, қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. №2Бадамша орта мектебінде ата -аналар қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Баланың бас ұстазы- ата-ана» тақырыбында
ата-аналар жиналысы өтті.
Сынып жетекшілері: Балгожина Р.С., Даурбаева Г.К.

Қосымша ақпарат көздері