Наурыз мерекесі қарсаңында Қайырымдылық күніне мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8-10 класс аралығында “Көктем вальсі” өтті. Оқушылар көктем тақырыбында өлең оқып, би биледі. Қорытынды бойынша Бас жүлдені 9 “А” сынып, 1 орынды 8 “Ә” сынып, 2 орынды 10 “А” сынып 3 орынды 10 “Б” сынып жеңіп алды. Агротехникалық колледж студенттері және 10 “Ә”сынып Алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлық берілді. Кештің демеушісі болған Жастар ресурстық орталығының басшысы Жұбан Мейіржанға алғыс білдіреміз!
