«Педагогикалық шығармашылық қоржын»

Ағымдағы жылдың қараша айында «№2 Бадамша орта мектебі» КММ-нің бастауыш сыныптар бойынша «Педагогикалық шығармашылық қоржын» атты аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинарда 4 «А» гимназия сыныбында «Білімді қорыту» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізілді. Сабақтың бүкіл құрылымы жаңаша кезеңдермен жасақталған, түрлі жаңа технологияларымен байытылған, оқушылардың сапалы білім алуы мен шығармашылық ізденістерге бой алдыратындай бағытта болды. Жетекшісі Лайла Усенхановна бұл сабағында түрлі инновациялық жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақты терең мазмұнда және оқушыларының жан — жақты дамуы мен білім дағдыларын игеруіне жағдай жасады. Тапсырмаларды орындау барысында белсенді зерттеу, зерделеу, ойлау, талқылау арқылы түсініктері мен дағдыларын дамытты. Семинарға аудан бойынша бастауыш сынып мұғалімдері қатысып,өз ой пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Қосымша ақпарат көздері