Ата- аналар педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Даналық мектебі» жобасы аясында «Ең керемет әке» сайысы өтті. Әр шаңырақта әкенің рөлі ерекше. Әке- отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отбасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Аталған іс-шараға 12 әке қатысып , бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі бойынша тапсырмаларды орындады . Осы сайыста ардагер ұстаздар К.Сатаева , М.Мухамбетжанов және қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Сексенбаева әділ бағаларын берді. Байқау қорытындысы бойынша : Бас жүлде » Ең керемет әке» — Р. Ерменов, І орын- А.Амандыков , ІІ орын – Д.Жаримбетов ІІІ орын — Ж.Баймуханов. Жеңістеріңіз құтты болсын!




