Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні «№2 Бадамша орта мектебі» КММ-нде «Тәжірибеден нәтижеге жетелейтін — сапалы білім беру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: Мұғалімдердің заманауи үлгіде білім беруін жетілдіре отырып, кәсіби шеберлігін, құзіреттілігін арттыру және оқушыларға нәтижелі білім беруге ықпал ету.Семинарға Жосалы ОМ, Сазды ОМ, Әлімбет ОМ мектептерінен пән мұғалімдері қатысты.



