“Мәңгілік ел жастары” қоғамдық қорынан Алматы қаласынан шақырту алып,
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен тәрбиешілеріне арналған “Мейірімді тәрбиеші-2024” республикалық байқауына шығармашылық жұмысын жолдап, аталған мамандықтың жауапкершілігі мен маңыздылығы жайлы үздік эссе жазғаны үшін “№2 Бадамша орта мектебі” КММ
мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Балғожина Раушан Сәттібекқызы “Құрмет грамотасымен” және “Мейірімді тәрбиеші -2024” республикалық үздік эсселер жинағына жұмысын растайтын Сертификат берілді. “ Мәңгілік ел жастары” қоғамдық қорының 2024 жылғы 1 наурыздағы номері 264 бұйрығы бойынша Балғожина Раушан Сәттібекқызына “Мейірімді тәрбиеші -2024” медалі берілді.
Алматы қаласы, 18.05.2024 ж
“Мейірімді тәрбиеші -2024” республикалық эссе байқауы
