«Мектебім, мың алғыс саған!»

2023-2024 Оқу жылының қорытындысы бойынша мектебімізде «Мектебім, мың алғыс саған! тақырыбында 11а,ә класс түлектеріне арналған соңғы қоңырау өтті.

Соңғы қоңырауға Алтын ұя мектебімен қоштасқанына 40 жыл толған 1984-ші жылғы түлектер келіп,жүрек жарды ыстық лебіздерін білдіріп,жасыл желекті көркейтетін сыйлықтарын мектеп бітірушілермен өз қолдарымен отырғызып кетті.

Биылғы жылы мектебімізді 32 түлек бітіріп,оның ішінде 2 оқушы «Алтын белгіге» үміткер бар. Түлектерімізге ұстаздары,ата-аналары шынайы лебіздерін білдіріп,Ақ жол тіледі.

Қосымша ақпарат көздері