Өзін -өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні дәстүрлі «Бүгінгі түлек-болашақ маман» атты мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында «Алтын ұя» мектептен ұшқан әр жылдағы түлектер мен Ардагер ұстаз Сатаева Клара Мурзагуловна,Жастар ресурстық орталықтың басшысы Жұбан Мейржан қонаққа шақырылды. Кездесу барысында аға буын жастарға шынайы тілектері мен бағыт-бағдарын берді. 2023 жылғы түлектер қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындалудың қыр-сырымен таныстырды.