Білім күн

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесіне орай №2 Бадамша орта мектебінде «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында 1, 11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.

Шараға Қарғалы аудандық білім бөлімінің басшысы Дуйсенова Жанна Сагитжановна, ардагер ұстаздарымыз Сулейменова Сабира Абдрахмановна, Сатаева Клара Мурзагуловна қатысты. Қонақтар мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып бүлдіршіндеріне өз жылы лебіздерін, мектеп директоры Дюсекова Айна Ертаевна салтанатты жиын қонақтарына, ата-аналар мен оқушыларға құттықтау сөзін арнады. Мереке барысында ән айтылып, би биленді. Бірінші сынып оқушылары тақпақтарын арнап, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты. Мереке ата-аналар мен оқушылардың көңілінен шығып, жиын соңында мектебіміздің табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз алғашқы білім сабағына аттанды.



Қосымша ақпарат көздері