Мектебім – мақтанышым!

Премьер-Министр Олжас Бектенов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Премьер -Министр орынбасары Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында мектебіміздің білім сапасын арттырумен, оқушыларымыздың жобаларымен танысты. 11 сынып оқушысы Асқарбеков Айбектің «Жалаң мия өсімдігінен дәрілік өнім жасау», Казиева Балаусаның «Қарғалы су тоғаны» , 9 сынып оқушылары Қуандық Айнара және Джакыбаева Аминаның «Өсімдіктерден пигменттің бөлінуі және қолданылуы», 10 сынып оқушысы Жаныс Әсемнің «Жарық диодты шамның көмегімен өсімдіктерді өсіру және фотосинтездеудің экологиялық және иновациялық тиімділігі», Кумаров Нурсаттың «Өрттің алдын алуға арналған SMART ДАБЫЛ құрылғысының артықшылығы және инновациялық тиімділігі», 11 сынып оқушысы Асанбаева Аружанның «Метан газын анықтайтын датчик құрастыру» тақырыбындағы жобалары көрсетілді. Қонақтар оқушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Қосымша ақпарат көздері