Еңбек түбі -береке

“Біртұтас тәрбие” бағдардамасы аясында Еңбек күніне орай “Еңбек түбі -береке” тақырыбында аудан мекемелерінің жас мамандарымен кездесу өтті. Мақсаты: оқушыларға еңбекқор адам ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе алатынын, қоғамға пайда әкелетінін білім алушыларға ұғындыру.
Кездесуге келген қонақтар оқушылармен өз жұмыстарындағы қызықты сәттермен бөлісіп, мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді. Оқушыларымыз қонақтарға сұрақтар қойып, алғыстарын білдірді.

Қосымша ақпарат көздері