Жарайсың Жансерік!
2024 жылғы 26-30 қараша аралығында Астана қаласында Ауыл мектептерінің жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі 486 оқушылардың қатысуымен өтті. Республикалық олимпиадаға Ақтөбе облысы бойынша 27 оқушы қатысқан болса, оның ішінде Қалдыбаев Жансерік «№2 Бадамша орта мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушысы физика пәнінен жүлделі III орын қола медаль еншіледі.
Жетекшісі : Кумарова Мая Аманжоловна ! Оқушыны, пән мұғалімін және ата-анасын құттықтаймыз!
