Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты балаларға арналған дәстүрлі аудан әкімінің шыршасы өтті.”№2 Бадамша орта мектебінен Әкім шыршасына 19 оқушы қатысты.
Мереке ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақар қатысқан жарқын театрландырылған қойылыммен басталды. Жаңажылдық декорациялар мен сиқырлы атмосфера балаларға ерекше қуаныш сыйлады.
Аудан әкімі Н.Унербаев балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдіріп сыйлықтар табыстады
Шара барысында түрлі байқаулар, әндер мен билерден құралған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар белсенді қатысып, мерекелік әсерлерімен бөлісті.
