Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні мектебімізде “Біртұтас тәрбие “ бағдарламасы аясында “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша мамандықтарды таңдау бағытында 2024-ші жылғы түлектер 9-11 класс оқушыларымен кездесуге келді. Жылдағы дәстүрге айналған бұл кездесу қызықты өтті, қазіргі оқып жатқан жоғарғы оқу орындары мен студенттік өмірдің қызығы мен мектептің айырмашылығы туралы ой қозғап, оқушылардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.