Математика пәні мұғалімі Молдыбаев Нуржан Насиболлаевич 1 жүлделі орын алды

Ақтөбе-Дарын” ӨҒТҚББО -ның «ОЛИМП ШЫҢЫНА ЖЕТЕЛЕУШІ» атты дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагог-тәлімгерлердің «Жаратылыстану ғылымдары Ассоциациясы» 2025 жылғы 24 қаңтарда математика, информатика және физика пән мұғалімдеріне арналған облыстық шығармашылық олимпиада өткізді.
Олимпиада Ережесіне сәйкес мұғалімдер теориялық, әдістемелік блоктардан тұратын есептерді шығарып, тест тапсырмаларын орындады.
Жүлдегерлер қазылар алқасының шешімі негізінде анықталып, жеке және команда бойынша дипломдармен марапатталды.
Командалық ІІІ орын Қарғалы ауданының командасы иеленді.
Жеке есеп бойынша 2 Бадамша орта мектебінің математика пәні мұғалімі Молдыбаев Нуржан Насиболлаевич 1 жүлделі орын алды.
Құттықтаймыз!

Қосымша ақпарат көздері