2025 жылдың 31-қаңтарында Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы “№2 Бадамша орта мектебі”КММ-де “Тарих, география пәндерін оқытуда ЖИ жүйесін қолдану арқылы оқытудың түрлі әдістерін қолдану” атты облыстық семинар- практикум өтті. Семинарға Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдісткері Асан Д.Н, Қарғалы аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Тулекбаева Д.Д, Қарғалы ауданының жалпы білім беретін мектептердің тарих және география пәні мұғалімдері қатысты. Семинарда мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-сыныптар, ашық сабақтар көрсетті. Семинар жоғары деңгейде өтті.
