Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ақтөбе облысының шағын жинақты мектептерін дамыту» облыстық Жол картасын орындау мақсатында Қарғалы ауданы, «№2 Бадамша орта мектебі» КММ-де «Заманауи технологиялар арқылы оқу процесін дамыту: тірек мектептерінің жаңа көкжиектері» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті. Семинарға Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскерлері Нұрбахыт Маратқызы мен Алтынай Айбекқызы және Ақтөбе облысы бойынша 12 тірек мектептерінің физика, химия және математика пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Қарғалы АББ басшысы Дуйсенова Ж.С. , әдістемелік кабинет меңгерушісі Тулекбаева Д.Д. және «№2 Бадамша орта мектебі» КММ директоры Дюсекова А.Е. ашылу сөзін сөйлеп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мұғалімдер өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пәндерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін талдап, оқытуды тиімді жоспарлау мен талдау стратегиялары қарастырылды. Семинар жоғары деңгейде өтті. Іс-шара соңында рефлексия жасалып, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскерлері семинарға қатысушыларға сертификат табыстап, өз тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерді алғыс хатпен марапаттады.
