Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралыХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ
«№2 Бадамша орта мектебі»КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім  бөлімі»ММ «№ 2Бадамша орта мектебі» КММ-не педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа  қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерің лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту  туралы» Қазақстан  Республикасы Оқу-ағарту  министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және  Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен  бұйрығы. Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді талаптарына сәйкес жүргізілетінін  хабарлаймыз.


— Қазақ тілінде оқытатын  биология пәнінің  мұғалімі(уақытша) -10 сағат;

— Педагог-психолог -1жүктеме.

Білім беру ұйымының орналасқан  жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы  ауданы, Бадамша  ауылы, Жәнгелдин  көшесі7. Эл.поштасы: bsh2mk@mail.ru
Телефон нөмері: 8-713-42-23126, 8-771-687-2101
Конкурс талаптары бойынша мектеп сайтының  сілтемесіне  өтіңіз: http:// bsh2-sh.edu.kz
Құжаттарды  қабылдау  мерзімі: 07-15 тамыз 2025 жыл (хабарландыру соңғы  жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Құжаттарды қабылдайтын орын: «№ 2 Бадамша орта мектебі» КММ І-қабат қабылдау  бөлмесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (30.04.2025ж №98 бұйрығытолықтырулар мен өзгерістермен) бекітілген  Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64, 66 тармақтар барлық  мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру қажет.
Конкурсқа қатысушылар хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз  түрінде  жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы  өтініш;
2) жеке басын куәландыратын  құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы  құжаттардың  көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу  құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды  бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін  атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу( тізілімінде № 21579 болып  тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша  денсаулық  жағдайы  туралы  анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық  бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық  бақылауда жоқтығы туралы  анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық  бақылауда жоқтығы туралы  анықтама;
9) сертификаттаудан өту  нәтижелері  туралы сертификат немесе  қолданыстағы біліктілік  санатының  болуы туралы   куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау  нәтижелері  туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші  немесе педагог-шебербіліктілік санатының  болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificatein English Language TeachingtoAdults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diplomain English Language TeachingtoAdults) Passandabove немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесетойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша  педагогтің бос немесе  уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер  және  дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік  жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың  көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат   ұсынады.

Қосымша ақпарат көздері