№2 Бадамша орта мектебінде 2024–2025 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар. Бұл талаптар ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына және оған 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрықпен енгізілген өзгерістерге сәйкес әзірленді.
Бұйрық ҚР Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қаңтарда №31563 болып тіркелген.
1-11 сынып оқушыларына арналған бірыңғай мектеп формасы
ҰЛДАРҒА:
Ақ жейде
Қара көк шалбар (ұзындығы тобықтан жоғары болмауы тиіс)
Қара көк күрте
Қара көк галстук
Қара аяқ киім
Классикалық шаш үлгісі
ҚЫЗДАРҒА:
Көгілдір көкірекше
Көгілдір юбка
Ақ жейде немесе блузка
Ақ колготки (бастауыш және орта буынға арналған)
Қара түсті өкшесіз аяқ киім
Шаш боялмаған, жинақы болуы тиіс
Тыйым салынатын киімдер мен элементтер:
Бас киімдер: орамал, бандана, хиджаб, қалпақ, бейсболка және т.б.
Діни киім элементтері
Пирсинг, сырғалар (ұлдарға), бандана
Шашты түрлі түске бояу
Косметика (ерін, көз бояу, маникюр, жасанды тырнақ, кірпік жапсыру)


